Баспасөз хабарламасы

Қазақстанның жұмыртқа өндірушілері қауымдастығы құс фабрикалары уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында бірқатар кездесулер өткізіп, оның барысында отандық тауық жұмыртқасының бағасын төмендету туралы келісімге қол жеткізілгенін хабарлайды.

2021 жылдың қараша айында құс фабрикаларында С1 санатты жұмыртқаның көтерме бағасы он үшін 370 теңгеге жетті. Қазіргі уақытта С1 санатындағы жұмыртқаның көтерме бағасы онына 320 теңгеге (бөлшек орамды қоспағанда) төмендетілді. Құс фабрикалары жұмыртқаны төмендетілген бағамен сатуды желтоқсанның бірінші онкүндігінде бастады және қазіргі уақытта бұл баға Қазақстанның барлық өңірлерінде қолданыста.

Азықтық компоненттерге (бидай, арпа, күнбағыс күнжара және өсімдік майы) бағаның 50-ден 100% — ға дейін өсуіне және жұмыртқаның өндірістік өзіндік құнының өсуіне қарамастан, құс фабрикалары құс басын өсіру есебінен өткізу бағасын төмендету бойынша шаралар қабылдайды. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы министрлігі өнім құнын арзандату және ел халқының ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында отандық құс фабрикаларын қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеуде.